Рамазан айында Алла Субхан уа Тағала Жәннәт есіктерін ашып қояды, Тозақ есіктерін бекітеді. Тіпті оттан жаралған шайтандардың қол- аяғына кісен салып тастайды. Не үшін?! Адамзатты азғырмау үшін... Бірақ адамзаттан болған шайтандар бар – олар Оразаны түсінбейді. Өзі мұсылман, өзі қазақтың баласы, өзі қожаның баласы, бірақ Оразада ораза тұтпайды. Беймарал тамағын іше береді. - Ә, не болды? – десең. - Асқазаным ауырады – дейді. Атқаны насыбай, шеккені сигарет, менің бірақ асқазаным ауырады - дейді, Алла Субхан уа Тағала сенің оразаңа мұқтаж емес. Алла Субхан уа Тағаланың сондай бір пенделері бар, оразадан басқа уақыттарда да қырық күндеп ораза тұтады, күнәмді кешір деп тәубе қылады. Алла Субхан уа Тағаланың сондай бір ұлық пенделері бар... Ораза тұтқандарға Алла Субхан уа Тағала айтады: - Кімді-кім шын ықыласымен, шын ниетіменен ораза тұтатын болса, Алла Субхан уа Тағала оның өткен бүкіл күнәләрін кешіріп жібереді. Тіпті Алла Субхан уа Тағаланың Жәннәтта – Райан деген Жәннәты бар, ол Жәннәтқа жалғыз ғана Ораза тұтушылар кіреді. Ол Жәннатқа жалғыз ғана мына дүниеде Ораза тұтып, шөлдің қадірін білген, тамақтың қадірін білген адамдар ғана кіреді... Алла Субхан уа Тағала тұтып жатқан оразаларымызды, сондай оразалардан етсін! Ұстаз Абдуғаппар Сманов