ҚЫЗЫЛ ТҮЙЕНІ САДАҚА ЖАСАҒАНМЕН ТЕҢ
Мен алқаштарға риза боламын, оларға таң қаламын. Алқаштар бір бутылка виноны алып, ол маған ұқсап, аузы-кеңірдегі жыртылғанша уағыз айтпайды. Осылай отырады да битеді: (яғни, басын шайқайды да), болды. Сонымен кетеді. Бір ғана ишара да, былай (басымен белгі береді кеттік деп). Ана сүмелектер бар ғой, оның арқасынан үндемей кете береді.
- Ал, неге біздің адамдарға олай айтсақ келмейді??? Сол алқаштан да парасатсыз болып кеткен бе?! Алқаштан да төмен болып кеткен бе сонда ,қараңызшы?! Немесе біз жаңағы шақырғандай не ымдап емес, не дымдап емес, е сөйлей алмай, шақыра алмасақ, ертеңгі біздің ахуалымыз не болады???
Діни уағыз айту, тек қана молданың ғана міндеті емес. Сіз бен біздің міндетіміз, мойнымыздағы парызымыз!!! Қараңыз, бір жезөкше, (жезөкшені білесіздер), ең жиіркенішті адам ол. Бірақ, ол өзінің үйінен шығып кеткеннен кейін, қайтып келе жатқанда үйіне екінші жезөкшені жетектеп келеді.
Неге мешіттен шығып кетеміз, бірақ мешітке бір адамды жетектеп келе алмаймыз???
Сонда біз одан да төменбіз бе???
Әрбір момын мұсылман адам өзіне бір міндет алу керек. Ин шәә Алла, мен бір адамды Исламға алып келемін, шақырып келемін, оған жалынамын, жалбарынамын. Себебі, Пайғамбар Саллалаһу әлейһи уа сәлләм:
-Ей, Әли!!! Сен себепті бір адам Исламға келетін болса, қызыл түйені садақа қылғанмен тең - деді.
Қараңыз, қызыл түйені ол кезде әкімдер мінетін. Қазір мынау, двухсоткалар бар ма? 570 Лексустар бар ма? Сондай болған.
Біз 5 теңге садақа қыла алмаймыз ғой мешітке, 5 тиынды садақа қыла алмаймыз ғой. Егер сіз бен біз себепті бір адам Исламға келетін болса, қызыл түйе садақа қылғандай болады.
Е, бір Ланд Крузерді беріп садақа қылғанмен тең да!!! Қараңыз,міне осы сауаптарды сіз бен біз істеуіміз керек!!!
Мешітімізге қарайық, жамағат жоқ...
Жамағат қашан келеді?!
Жан жағымызда қанша-қанша үйлер бар?!
Әшейін ана пивнушкада бүгін пиво он процент арзан сатылады десең, еркек ұрғашының бәрі сол жерге тіке қатарға тұрып алады, мына жағының бәрі вагон болып кетеді.
Неге біз соншалықты харам жұмыстарға сондай ұйымшыл болып қаламыз да, Алла Субхан уа Тағаланың мәрхаматы жайылатын жерге соншалықты бос боламыз? Бәлкім, Алла Субхан уа Тағала сіз бенен бізге бұны өрнек қылып қойып жатыр. Сіз бенен біз қазір істемесек, бізден кейін сондай бір қауым келеді. Мешіттер тола, асты да тола, үсті де тола болған сондай бір қауымдар болады. Олардың сөйлегендері ақиқат болады. Олардың сөйлегені Құран болады. Олар бір-бірімен ғайбаттаспайды. Олар бірін-бірі Нәкір Мүнкәрмен шақыратын үммет болады. Ол үмметтің келуі де жақын.
Бірақ, сіз бенен біздің ахуалымыз не болады?
Ең кемінде қызымызды, ең кемінде баламызды, ең кемінде жанашыр досымызды мешітке алып келе алмасақ, ертең біздің қадіріміз не болмақ?
Ұстаз Абдуғаппар Сманов